«Абай- қазақ халқының мақтанышы» атты әдеби кеш өтті.

8 тамыз күні Кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен 10 тамыз – Абай күніне орай «Абай- қазақ халқының мақтанышы» атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында бөлімнің тұрақты оқырманы Қасымқұлов Болатхан Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнің орындаса, М.Әуезов, Әль Фараби, М.Мақатаев атындағы орта мектептің оқушылары Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқыды. Темірбек Әлихан «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», Ажыханқызы Назерке «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», Асат Алина «Жаз», Қалығұл Інжу «Ғылым таппай мақтанба»‘, Қалығұл Бану «Жазғытұры», атты өлеңдерін мәнерлеп оқып қалың көрермендерге тарту етті. Мақсаты: Ұлы Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үнілту, «Сөз патшасы – өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой-қиялдарын поэзия, әлеміне енгізу – Ғұлама, Абай мұрасың нақыл сөздерің философиялық ой – толғауларын насихаттап мол мағлұмат беру.