“Ақынның болмысы – өлеңінде” тақырыбында мәнерлеп оқу өткізді.

15 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері тұрақты оқырмандардың қатысуымен “Бір өңір – бір кітап” акциясы аясында “Ақынның болмысы – өлеңінде” тақырыбында мәнерлеп оқу өткізді. Шара барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ТURKSОІ-дың «Мақтұмқұлы» атындағы төсбелгісінің иегері Қуандық Шолақтың өмірі мен шығармалары таныстырылып, кішкентай оқырмандар “Жаздың жарқын күндері арқа-жарқа”, “Арайлы да шуақты”, “Ашық аспан, мамыражай маусым кез” т.б өлеңдерін мәнерлеп оқыды.