“Ақыннан өлмес жыр қалған” тақырыбында еске алу кеші өткізілді.

6 ақпан күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Еңбекші орта мектебінің 5 сынып оқушыларымен Әбділда Тәжібаевтың 115 жылдық мерейтойына орай “Ақыннан өлмес жыр қалған” тақырыбында еске алу кеші өткізілді. Арал жағалауында өмірге келген драматург, әдебиет зерттеуші ғалым, Филология ғылымының докторы, професор, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығына шолу жасап, ақын өзінің артына өшпестей етіп мұра қалдырғанын айтып өтті. Оқушылар автордың жастық шағымен танысып, өлеңдерінен үзінділер оқыды.