«Ақыннан өлмес жыр қалған» атты әдеби кеш
27 ақпан күні Далақайнар ауылдық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург Әбділдә Тәжібаевтің туғанына 115 жыл толуына орай «Ақыннан өлмес жыр қалған» атты әдеби кеш Т.Әшімбаев атындағы орта мектебінің оқушылары және «Парасат» әуесқойлар клубының мүшелерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шара барысында абыз ақынның өмірі мен шығармашылығына кітапханашы шолу жасап, оқушылар өз Отанына, туған жеріне, табиғатына деген ыстық сезімін бейнелейтін «Сырдария»,«Мұң туралы»,«Халық»,«Ақындық» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

