«Ақындардың атасы алып Кенен, Сен жасайсың мәңгілік халықпенен!» тақырыбында өнер сағаты өткізілді.

21 маусым күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен халық ақыны, әнші әрі композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай «Ақындардың атасы алып Кенен, Сен жасайсың мәңгілік халықпенен!» тақырыбында өнер сағаты өткізілді. Қазақ әдебиеті мен музыка әлеміне елеулі үлес қосқан Кенен Әзірбаевтың өмір жолы мен шығармашылығы жас ұрпаққа кеңінен насихатталды.

Нет описания фото.