«Жұлдыздай ағып өткен жасын-ғұмыр» атты еске алу кеші өтті.

21 тамыз күні орталық кітапхананың білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Облыстық «Жазушымен бір күн» кітапханалық жобасы аясында аудандық әкелер кеңесінің төрағасы М. Балықбаев, Төле би ауылдық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Ә.Шабанбай, Төле би ауылдық Билер алқасы төрағасы Б.Жұматайдың қатысуымен Жамбыл облысы, Жуалы ауданының тумасы, жазушы, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл толуына орай «Жұлдыздай ағып өткен жасын-ғұмыр» атты еске алу кеші өтті. Шарада кітапханашы бүгінгі заманның сирек кездесер сырбаз серігі, сегіз қырлы, бір сырлы талант иесі, дарынды ақынның өмірбаянымен таныстырып, өлеңдерінен үзінділер оқыды. Қонақтар жазушының өлеңдерімен танысып, өз ойларымен бөлісті.