“Өмір сүйген жандар” атты рандеву өткізді.
19 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға үйде кітапханалық қызмет көрсету мақсатында “Өмір сүйген жандар” атты рандеву өткізді. Аталған шарада кітапханашылар мүмкіндігі шектеулі Федорова Софияға үйден қызмет көрсетіп, көркем әдебиет және кітапханаға жаңа келіп түскен әдебиеттерді жіткізіп беріп, оқылған кітап туралы әңгімелесті.


