«Қазақ әдебиетінің классигі» атты сыр кеші кітапхананың тұрақты оқырмандарымен өткізілді.

14 тамыз күні Көктөбе ауылдық кітапханасында атақты жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, драматург, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқановтың – 125 жылдығына орай «Қазақ әдебиетінің классигі» атты сыр кеші кітапхананың тұрақты оқырмандарымен өткізілді. Іс шара барысында кітапханашы оқырмандарымызға жазушының өмірбаянымен, шығармашылығын таныстырып, кітап көрмесіне шолу жасады.