“Ұлы халықтың – ұлы Абайы” атты оқу марафонын өткізді.

8 тамыз күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлері Мәдениет қызметкерлерімен бірлесе отырып 10 тамыз- Абай күніне орай Ұлы ақын, жазушы, сазгер, аудармашы “Ұлы халықтың – ұлы Абайы” атты оқу марафонын өткізді. Шара барысында Абай өлеңдері жан-жақты әлеуметтік аясы кең, өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы тиетін махаббат өлеңдері жайында айтып өтті. Жас оқырмандарымыз Тоқтар Айзере «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», Сапарғали Айсулу «Ғылым таппай мақтанба»,Қанатбек Балауса «Әсемпаз болма әрнеге»,Сапарғали Кәусар «Қыс» Гусейнова Ваида «Құлақтан кіріп бой алар»,Сайлау Інжу “Ғылым таппай мақтанба” т.б өлеңдерін жатқа айтса,Жапау Бекнұр «Айттым сәлем Қаламқас» Сапақова Жамиля «Көзімнің қарасы» әндерін орындады.Шараға ауыл ақсақалдары Ж.Оспанов,Б.Тагиров,Чуваш Мәдени орталығының Төрағасы Н.Храмов қатысып, Абай ақын қазақтың мақтанышы,ел сыйлаған даналардың данасы екенін айтып,жастарды кітап оқуға,Абайды тануға ақыл-кеңестерін айтты. Кешке арнап «Абай мұрасы-рухани қазына» атты кеңейтілген кітап көрмесі жасалды. Көрмеде ақынның өлеңдері, қара сөздері, аудармалары мен ол туралы жазылған ғылыми-зерттеу еңбектері қойылып, библиографиялық шолу жасалып таныстырылды. Мақсаты: Ұлы даланың ақыны Абай Құнанбаевты тереңінен зерделеу және оның шығармашылығы мен өмір жолын жастарға үлгі ету. Поэзияны сүюге баулу, көркемсөз оқу шеберліктерін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.