“Ұлы даланың – ұлы Абайы” тақырыбында поэтикалық марафон өтті.

8 тамыз күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай “Ұлы даланың – ұлы Абайы” тақырыбында поэтикалық марафон өтті. Іс – шара барысында кітапханашылар қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны, данышпаны Абай Құнанбайұлының өмір жолын және шығармаларын насихаттай отырып, Абай Құнанбайұлының өлең жолдарын оқып, шығармаларына тоқталды.