«Тарих – ғасырдар куәсі» атты тұлғатану сағаты өткізілді.
7 тамыз күні Көктөбе ауылдық кітапханасында Қазақ хандығына – 560 жылдығына орай «Тарих – ғасырдар куәсі» атты тұлғатану сағаты өткізілді. Іс – шара барысында кітапханашы Қазақ хандығының құрылуы тарихымен, қазақ хандығы тұлғалары және олардың жасаған ерліктері туралы әдебиеттерімен таныстырып, Керей мен Жәнібек, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені туралы айтып өтті.


