“Ұлы халықтың -Ұлы Абайы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
7 тамыз күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерей тойына орай “Ұлы халықтың -Ұлы Абайы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс – шара барысында кітапханашы Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасы -елі мен жұртының рухани өмірінде қалатындығы туралы баяндап, кітап көрмесіне шолу жасады.Мақсаты: Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып,терең меңгерту.


