«Оқуға тиіс 100 кітап» аясында «100 кітап – жас ұрпаққа рухани бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

5 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Оқуға тиіс 100 кітап» аясында «100 кітап – жас ұрпаққа рухани бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында кітапханашы өз сөзінде: «Елдің болашағы жастардың қолында. Кез келген қазақ баласы таңдалған 100 кітапты оқып, білу керек» – екенін атап өтті. Қатысушылар бұл жобаның өте тиімді, дұрыс бастама екендігі жайлы, оны үнемі қолдайтындықтары туралы өз ойларын ортаға салды. Кітапхананың тұрақты оқырманы Тұқан Дидар өзінің оқыған Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабынан алған әсерімен бөлісті. Мақсаты: Жастарды «Оқуға тиіс 100 кітап» жобасы тізіміндегі шығармаларды оқуға ынталандыру, қызығушылықтарын арттыру, тарихи, көркем шығармаларды оқып, талдауға бағыттау. Шара соңында «Таңдаулы 100 кітап» кітап көрмесі таныстырылды.