“Ертегілер еліне саяхат” атты сторителлинг өтті.
29 шілде күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Балбөбек” балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен “Жаз кітаппен” жобасы аясында “Ертегілер еліне саяхат” атты сторителлинг өтті. Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын айта отырып, балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.Іс – шара барысында кітапханашы балалар еліміздің жарқын болашағы дей келе,ертегілер оқып берді.Кішкентай бүлдіршіндер кітаптарға қызығушылықпен қарап, түрлі- түсті суреттермен танысты.


