«Дара дарын иесі» тақырыбында буктрейлер өткізілді.
22 шілде күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел -бір кітап» акциясы аясында жазушы, ақын Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Дара дарын иесі» тақырыбында буктрейлер өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы ақынның өмірбаянымен таныстырып, кітаптарына шолу жасалып, шығармаларының қазақ әдебиетіндегі алар орны мен ерекшеліктері туралы айтылды.




