«Ертегілер еліне саяхат» атты сторитиллинг өткізілді.
15 шілде күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Жұлдыз» балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Жаз кітаппен» жобасы аясында «Ертегілер еліне саяхат» атты сторитиллинг өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы балалар еліміздің жарқын болашағы дей келе, ертегілер оқып берді. Кішкентай бүлдіршіндер кітаптарға қызығушылықпен қарап, түрлі-түсті суреттерді тамашалады.




