«Астана-мерейім, мәртебем, беделім» атты әдеби әуенді кеш өтті.

4 шілде күні Аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Теміржол» колледжінің білімгерлерінің және «Алмас» колледжінің білімгерлерінің қатысуымен «Астана-мерейім, мәртебем, беделім» атты әдеби әуенді кеш өтті. Шара барысында кітапханашы еліміздің бас қаласы Астананың көрнекті жерлерінің дамуы туралы мәлімет беріп, колледж білімгерлері күйлерін шертіп берсе, кітапхана қызметкері Бұлашбекова Айгерім «Астана әнін» айтып берді. Мақсаты: Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.