« Жаса, жайна ару қала Астана» атты тәрбие сағат өткізді.

4 шілде күні Белбасар ауылдық кітапхана қызметкері 6 шілде – Астана күніне орай « Жаса, жайна ару қала Астана» атты тәрбие сағат өткізді. Шара барысында кітапханашы елордамыз – Астана қаласының тарихын таныстырып, қаланың көрікті, әсем ғимараттары, қазіргі кескін-келбеті бейнеленген, фотоальбомдарды оқырмандар назарына

ұсынылды.

Мақсаты: Елордамыз – Астана қаласының ұлттың рухани жаңғыруының маңызды нышаны болып табылатынын түсіндіру, мәртебесін арттыру, идеялық мәні мен маңызын ұғындыру, жетістіктерін насихаттау, оқырмандардың тәуелсіз еліміздің

жетістіктеріне құрмет, мақтаныш сезімдерін тереңдету, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.