“Астана – тәуелсіздік түндігі” атты шок-урок өтті.

4 шілде күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Астана – тәуелсіздік түндігі” атты шок-урок өтті. Аталған шарада кітапханашы ел тарихында аз уақытта өзіндік биігіне ие болып, дүние жүзіне әйгілі қазақ елінің бас қаласына айналған Астананың, жалпы мемлекетіміздің бүгінгі жетістіктері жайлы баяндаса, шараға қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, Астана туралы өлең шумақтарын жатқа айтып берді.