«Ядросыз Қазақстан «атты хабарлама сағаты өтті.

3 шілде күні орталық кітапхананың білім орталығында қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Теміржол» колледжінің білімгерлерінің және «Алмас» колледжінің білімгерлерінің қатысуымен «Ядросыз Қазақстан «атты хабарлама сағаты өтті. Мақсаты: Ядролық қарудың адамзат баласына тигізетін ауыр зардаптарын түсіну.Ядролық қарудан бас тартқан еліміздің халықаралық аренадағы ролін анықтау. Бейбітшілдік, Отансүйгіштік қасиеттерді дамыту.