«Астана -ұлы дала жауһары» атты ти-чин өткізді.

3 шілде күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 6 шілде – Астана күніне орай «Астана -ұлы дала жауһары» атты ти-чин өткізді. Шара барысында кітапханашы елордамыз – Астана қаласының тарихын таныстырып, қаланың көрікті, әсем ғимараттары, қазіргі кескін-келбеті бейнеленген, фотоальбомдар және кітаптар оқырмандар назарына

ұсынылды.

Мақсаты: Елордамыз – Астана қаласының ұлттың рухани жаңғыруының маңызды нышаны болып табылатынын түсіндіру, мәртебесін арттыру, идеялық мәні мен маңызын ұғындыру, жетістіктерін насихаттау, оқырмандардың тәуелсіз еліміздің

жетістіктеріне құрмет, мақтаныш сезімдерін тереңдету, отансүйгіштікке тәрбиелеу.