“Домбыра -рухани мұра” атты фонэтикалық сағат өтті.
1 шілде күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен домбыра күніне орай “Домбыра -рухани мұра” атты фонэтикалық сағат өтті. Кеш аясында қатысушыларға домбыраның шығу тарихы, оның құрылымы мен түрлері туралы қызықты мәліметтер ұсынылды. Қазақтың әйгілі күйшілері – Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина сынды тұлғалардың өмірі шығармашылығы жайында ақпараттар берілді.Шара ұлттық мәдениетіміздің құндылығын насихаттауға бағытталған тағылымды әрі мазмұнды кеш ретінде өтті.



