«Нашақорлық-болашағыңа жасалған қастандық» атты диалог кешін өткізді.
30 маусым күні орталық кітапхананың білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Нашақорлық-болашағыңа жасалған қастандық» атты диалог кешін өткізді.
Кештің мақсаты – қоғамдық қасіреттің алдын алу, есірткінің адам ағзасына зиян келтіретіндігін, ұлттық сананы улайтындығын түсіндіру, сондай-ақ, жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және игі қасиеттерді бойына жинап, кітап оқуға шақыру.
Іс-шара барысында нашақорлықтың зияндығы туралы бейнебаян ұсынылып, баяндамалар оқылды.



