“Есірткі ешкімді есіркемейді” атты дәріс өтті.

27 маусым күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 26 маусым халықаралық есіркімен күрес күніне орай “Есірткі ешкімді есіркемейді” атты дәріс өтті. Іс-шараға ауылдық ФАП-тің фельдшері Б.Бегімбетова қатысты. Кітапханашы “Есірткі жас таңдамайды” атты баяндама оқып берді. Өз кезегінде ауылдық фельдшер есірткінің зияны туралы кеңінен түсіндіріп берді. Шараның мақсаты:салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.