“Бекзат” атты еске алу кеші өткізілді.

24 маусым күні Ақсу  ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақстандық олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Бекзат Саттархановтың 45 жасқа толуына орай “Бекзат” атты еске алу кеші өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы боксшының өмірбаянына тоқталып, кітап көрмесіне шолу жасап, Ақсу әкімшілігінің бас маманы Е.Нұрғалиев Олимпиада чемпионы Б.Саттарханов мәңгі қазақ халқының есінде қалатынын атап өтті.