«Жемқорлық індет, жою міндет» атты блиц өткізілді.
24 маусым күні N2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жемқорлық індет, жою міндет» атты блиц өткізілді. Кітапханашы: Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі- деді. Темір жол колледж білімгерлері қатысып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алынды.Мақсаты: Жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру.



