“Нашақорлық- бүкіл қоғамның қасіреті” атты ескерту сағаты өткізілді.

24 маусым күні Қонаев ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Нашақорлық- бүкіл қоғамның қасіреті” атты ескерту сағаты өткізілді.

Мақсаты: нашақорлықтың адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, құқықтық тәрбиеге баулу,салауатты өмір салтын сақтауға оқушыларды тәрбиелеу,тазалыққа,лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу.

Іс-шара барысында: кітапханашы шылым шегу,ішімдік, есірткені пайдалану сияқты зиян әдеттердің адам денсаулығына келтірер зардаптары туралы мәлімет оқып, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершіліктері,есірткі заттарын пайдаланумен болатын қылмыстар және олардың қандай қайғылы жағдайларға әкеліп соғатыны туралы ақпарат берді.