“Көркемсөз өнерінің зергері-Тәкен Әлімқұлов” атты әдеби сағат өтті.

23 маусым күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен “Бір ел-бір кітап” акциясы аясында “Көркемсөз өнерінің зергері-Тәкен Әлімқұлов” атты әдеби сағат өтті.Шара барысында Тәкен Әлімқұловтың әдеби шығармашылығын кеңінен таныстырылып, оның еңбектерінде адамның өмірлік таңдауын, адамның өз болмысын танып-білуін, жеке тұлғаның қоғаммен қарым қатынасын ашып көрсете білу дарындылығы айқын көрінетіндігі жайлы айтылып, оқырмандар жазушының шығармаларымен танысты.