«Өзің оқы, өзгені қызықтыр» атты библиошар өтті.

20 маусым күні Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» атты библиошар өтті. Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Оқырмандарды кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Шара барысында кітапхана оқырманы Серік Алинұр, өзі оқыған Дәнеш Ахметұлының «Таң арайы» кітабын оқып қысқаша айтып өтіп, өзі сияқты жас буындарға кітап оқуды насихаттады. Оқушылар кітапханаға әкелген кітаптарын табыстап, бір-бірімен кітап алмасты.