“Жемқорлықсыз жол – сенімді жол” атты әңгімелесу – диалогы өткізілді.

16 маусым күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Жемқорлықсыз жол – сенімді жол” атты әңгімелесу – диалогы өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы жемқорлық жайлы ақпараттар беріп, ситуациялық жағдайлар талқыланып, Мыңбай Тоғжан “Жемқорлық бар жерде алынған білімнің де, жасалған жұмыстын да пайдасына қарағанда зияны көп болмақ. Елдің ертеңі үшін болашақ жастарға жемқорлықты жою керек екенін түсіндіруміз керек” деп ойын білдірді. Шара соңында сыбайлас жемқорлық туралы мағұлматтар бар түсіндірме парақшалары таратылды. Кітапханашы сыбайлас жемқорлық жайлы кітаптарға шолу жасады.