«Алаштың сөнбес жұлдызы» атты дауыстап оқу өткізілді.

13 маусым күні Кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен, Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, /М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Алаштың сөнбес жұлдызы» атты дауыстап оқу өткізілді. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында – ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Іс шарада оқырмандар ақынның өмірі тереңінен сыр шертетіндігімен таныса отырып, ғұмыр жолындағы ақпараттармен танысты. Шара барысында ақынның «Тілегім», «Ата, бата», «Жел» атты өлеңдерін нақышына келтіре оқылды.