«Сиқырлы кітаптар елінде» атты ертегілер еліне саяхат ұйымдастырылды.

12 маусым күні Сауытбек ауылдық кітапханасында «Білім бағы,кітап патшалығының қызықтары» жобасы аясында «Сиқырлы кітаптар елінде» атты ертегілер еліне саяхат ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы қазақ халқының шығармасы, халық мұрасы ертегі, оның шығу тарихы туралы қысқаша айтып берді. Әрі «Кішкентай маймыл», «Ұсқынсыз үйрек балапаны», «Жоғалған доп» ашылмалы кітапшалар, «Жұмабаланың ертегілері», Қ.Нұрсұлтановтың «Ертегі есептер», Ә.Табылдының «Ертегілер» І-томы, «Әлем халықтарының ертегілері», Ж.Балақаранованың «Ертегілер әлемі» және тағы да басқа кітаптар қойылып, ертегілер еліне саяхат жүргізілді. Мақсаты: оқырмандардың өз ойын жеткізуге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге үйрету.