“Ұлтын ұлықтаған Ұлы тұлға” атты оқу марафоны өтті.
10 маусым күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай “Ұлтын ұлықтаған Ұлы тұлға” атты оқу марафоны өтті. Шара барысында Қазақ халқының біртуар батыр Ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері туралы айтып, Сөз өнері дертпен тең, әдебиет- ардың ісі дегенді жадында ұстаған батырдың өнегеге толы шығармаларын таныстырды.



