“Батырды ұлықтау-бізге парыз” атты библиографиялық шолу өтті.

9 маусым күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Ел болып оқимыз” жобасы аясында Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай “Батырды ұлықтау-бізге парыз” атты библиографиялық шолу өтті. Іс-шараға М.Мәметова мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты.Кітапханашы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері, айтқан нақыл сөздерімен таныстырып өтті.