“Егеменді елдің символдары” тақырыпта флешмоб ұйымдастырылды.
4 маусым күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай “Егеменді елдің символдары” тақырыпта флешмоб ұйымдастырылды.
Іс-шара Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталды. Барша қатысушылар әнұранды бірге орындап, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Осыдан кейін мәдениет үйінің алаңында жастардын қатысуымен патриоттық флешмоб ұйымдастырылып, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет ерекше көрсетілді.Шара соңында оқырмандар “Мемлекеттік Рәміздер-елдігіміздің тұғыры” атты кітап көрмесімен танысты.
Іс-шараның мақсаты – Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Гимн арқылы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді қалыптастыру, мемлекеттік нышандардың маңыздылығын насихаттау болды.



