«Туым-намыс, ұраным-бірлік рәміздерім мақтанышым» тақырыбында патриоттық сағаты өтті.
3 маусым күні Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 4 маусым -Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Туым-намыс, ұраным-бірлік рәміздерім мақтанышым» тақырыбында патриоттық сағаты өтті. Аталмыш шараға Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Іс-шара ҚР әнұранымен ашылып, кітапханашы Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және әнұраны мемлекеттік рәміздер болып табылатынын, сондай – ақ олардың пайда болу тарихы туралы ақпарат берілді.



