“Елтаңбам – елдігім, Көк туым – теңдігім, Әнұран – ерлігім” атты саяси сағат өтті.
3 маусым күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күнініне орай “Елтаңбам – елдігім, Көк туым – теңдігім, Әнұран – ерлігім” атты саяси сағат өтті. Іс-шара мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталды. Шара барысында кітапханашы Мемлекеттік рәміздер – елдіктің символы, тәуелсіздіктің маңызды белгісі екендігіне тоқталып, оны кең көлемде пайдалану, қадірлеу, оның мән-мазұнын білу – әрбір қазақстандық азаматтың парызы турплы баяндады.



