«Діни экстримизіммен терроризмнің алдын алу бойынша дін және қоғам» атты кездесу кешін өткізді.
2 маусым күні аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Діни экстримизіммен терроризмнің алдын алу бойынша дін және қоғам» атты кездесу кешін өткізді. Аталмыш шара №10 Шу колледжінің АКТ залында өтті. Кездесу кешінде кітапханашы: тақырыпқа орай мәліметтер беріп және Ислам діні – таза, күшті, құдіретті дін Ислам – рух пен тәннің тазалығы екендігін айтып өтті. Іс-шара барысында Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы теолог Бахтияр Нұрдәулет Ерболатұлы керағар діни ағымдардың сыртқы бейнесі мен іс-әрекеттерін атап өтіп, жастарға діни ағымдардан сақ болу керек екендігін ескертті. Уақыт талабы білімді, білікті болуды талап ететіндігіне тоқталып, оқушылар қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптарын алды. Мақсаты: Оқырмандарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету.




