М.Жүнісәлиев саябағында көшпелі кітап көрмесі өтті.
1 маусым күні Шу аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі мен зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай М.Жүнісәлиев саябағында көшпелі кітап көрмесі өтті. Көрмеде кітапхана қызметкерлері балаларға кітап көрмесіндегі әдебиеттермен таныстырып, насихаттады.
Жыл сайын тойланатын мерекенің басты мақсаты жас оқырмандарды рухани азық көзі-кітап әлемімен таныстыру, балаларды көркем әдебиет оқуға шақыру, адам өміріндегі кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру.





