“Зобалаң жылдар жаңғырығы” атты танымдық сағат өтті.
28 мамыр күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – Қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай “Зобалаң жылдар жаңғырығы” атты танымдық сағат өтті. Оқырмандар тарих беттеріндегі ұлы тұлғаларды насихаттау мақсатында жасалған көрмемен таныстырып, “Жалпыхалықтық қасіретті еске алудың мәні” атты баяндама оқыды.



