«Сырлы сөздің шебері» тақырыбында әдеби викторина өткізді.
28 мамыр күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кеңестік және Қазақстандық жазушы, драматург, сценариші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әкім Таразиге арнап «Сырлы сөздің шебері» тақырыбында әдеби викторина өткізді.
Аталмыш шараға E.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Шарада кітапханашы жазушының өмірбаяны мен
шығармашылығына тоқталып өтсе, оқырмандар ұяшыққа жасырылған сұрақтарға жауап берді.



