«Алтын Орда – Ұлы дала өркениеті» атты тарихи сағаты өтті.
27 мамыр күні Сауытбек ауылдық кітапханасында Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына- 755 жыл толуына орай «Алтын Орда – Ұлы дала өркениеті» атты тарихи сағаты өтті. Іш- шараға Алға орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, дамуы, Алтын Орда өзін билеген хандары туралы қысқаша түсіндіріп «Тарихымыздың алтын ғасыры – Алтын Орда» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Сондай- ақ кітапхананың тұрақты оқырмандары Әбихан Еркенұр, Асқар Шәрбат, Алтын Орда –Жошы ұлысында құрылған алғашқы ірі мемлекет туралы өз ойларымен бөлісті.



