“Жазықсыз жандар азабы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
27 мамыр күні 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Жазықсыз жандар азабы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында кітапханашы бүкіл қазақ даласын күңірентіп, қалың қайғыға ұшыратқан оқиғалардың жаңғырығы бүгінгі ұрпақ санасынан өшпейтінін айтып, талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген қанқұйлы жылдардың оқиғасынан ақпараттар берді. Сондай-ақ кітап қорындағы тақырыпқа сай кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.



