«Кітап-өркениеттің елшісі» атты буккросинг өткізілді.
26 мамыр күні орталық кітапхананың «Білім» орталығында «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Кітап-өркениеттің елшісі» атты буккросинг өткізілді.
«Бір ел, бір кітап» акциясы аясында таңдалынып алынған Жүмекен Нәжімеденовтың «Үш томдық» кітабы, Тәкен Әлімқұловтың прозасы, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогия романы, жергілікті ақын-жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың «Мен апамның баласымын» романы және «Бір өңір, бір кітап акциясы» аясында таңдалынып алынған Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» атты кітаптарын оқыды.
Жобаға үлес қосып, белсенділік танытқан мектеп кітапханашылары мен оқушыларын аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Б.Алжанбаева құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.




