“Өзекті өртер шындық”тақырыбында тарихи сағат өтті.

26 мамыр күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай “Өзекті өртер шындық”тақырыбында тарихи сағат өтті.Шара бір минут үнсіздікпен басталып, кітапханашы бүкіл қазақ даласын күңірентіп, қалың қайғыға ұшыратқан оқиғалардың жаңғырығы бүгінгі ұрпақ санасынан өшпейтінін айтып, талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген қанқұйлы жылдардың оқиғасынан ақпараттар берді. Сондай-ақ зұлмат жылдар құрбандары туралы жылжымалы тақта арқылы бейнеролик көрсетіліп, кітап қорындағы тақырыпқа сай кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.