«Жансүгіров- табиғатты өлеңмен кестелеген ақын» атты поэзия кешін өткізді.
23 мамыр күні аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен
Әл-Фараби орта мектебінің кітапханашылары және
оқушыларының қатысуымен қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш
төрағасы І. Жансүгіровтің шығармашылығына арнап
«Жансүгіров- табиғатты өлеңмен кестелеген ақын» атты поэзия кешін өткізді. Аталмыш шарада кітапханашы қазақтың дүлдүл ақыны, «поэзия Құлагері» I.Жансүгіровтың шығармашылығы мен өмір жолынанбаяндап өтсе, оқушылар ақынның «Анам тілі», «Отан»,
«Домбыра» өлеңдерін жатқа айтты.




