“Жұмекен сыршыл ақын” тақырыбында ақпараттық сағат болып өтті.
22 мамыр күні Алға ауылдық кітапхана қызыметкерінің уйымдастыруымен Амангелді орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында қазақ поэзиясының алтын сандығына өшпестей із қалдырған, ақын, Әнұранымыздың авторы Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл толуына орай, оқырмандар арасында оның мол мұрасын насихаттау мақсатында “Жұмекен сыршыл ақын” тақырыбында ақпараттық сағат болып өтті. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы терең мағлұматтар беріліп, әдеби мұралары таныстырылды. Оқырмандар әдебиетіміздің асыл қазынасына шолу жасап, ақынның шығармашылық әлеміне саяхат жасады. Сонымен қатар, Жұмекен Нәжімеденовтың отансүйгіштік, табиғат пен адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері оқылды.



