“Тұлпар тектес Тәкен” атты сторителлинг өтті.
22 мамыр күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы аясында қазақтың белгілі ақыны, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары таңдалынып алуына орай “Тұлпар тектес Тәкен” атты сторителлинг өтті. Шараға Ораз Жандосов атындағы орта мектептің оқушылары қатысып, кітапханашы Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, “Елқоңыр”, “Кертолғау”, “Көкек айы” атты кітаптарына шолу жасады.



