“Даңқты жауынгер Бауыржан” атты саяси сағат өткізілді.

22 мамыр күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушыларының қатысуымен Ел болып оқимыз жобасы аясында Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай “Даңқты жауынгер Бауыржан” атты саяси сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Бауыржан Момышұлының шығармаларымен таныстырып, кітаптарына шолу жасалынды.