«Қаламы қарымды жазушы» атты сыр кеші өткізілді.

22 мамыр күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің оқушыларымен Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург, кино драматург Әшімов Әкім Үртайұлының 92 жас мерейтойына орай «Қаламы қарымды жазушы» атты сыр кеші өткізілді. Аталмыш шарада Ә.Таразидің ақынның балалық шағы мен қызмет жолы шығармаларына тоқталып, томдық шығармаларына кітап көрмесі ұйымдастырылды.